USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Кибербуллинг заңмен тоқтатылуы тиіс

  • 16.қыркүйек.2021, 15:43,
  • 177

XVII "Еуразиялық медиафорумда" ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева сөз сөйледі. Ақпарат министрі ғаламтордағы кибербуллинг мәселесіне кеңінен тоқталды.

"Интернеттің белсенді дамуына байланысты бүгіндері әлем кибербуллинг мәселесіне тап келіп отыр. Арандатудың кез келген түрі сияқты кибербуллинг те агрессияның бір түрі болып табылады, сондықтан ол заңмен ауыздықталуы тиіс. Министрлік бұл бағытта жоспарға сай жұмыстар жүргізіп жатқаны, сөзсіз. Біз әлеуметтік желінің ішкі ережелерін құрметтейміз. Дегенмен біз адамның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін теріс мазмұндағы контент ашық әрі қолданыста болып қала бермеуі керек деп санаймыз. БҰҰ қабылдаған қарардағы адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының кіріспесі де дәл осы құндылықтарды сөз етуден басталады емес пе", - деді министр.


Айта кетсек, Мәжілісте шетелдік әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысын шектейтін нормалары бар балалардың құқықтарын қорғау туралы жаңа заң жобасы қарастырылуда.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.09.2021
10.09.2021
28.04.2021
29.01.2021
28.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031