USD 441.41
EUR 477.78
RUB 4.84
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мамай интернеттен Байбек туралы мәліметтерді өшіруге мәжбүр

  • 15.июня.2021, 12:43,
  • 194

Бауыржан Байбек сотта жеңіске жетті. 

Алматы қаласы Әуезов ауданының No2 аудандық соты Алматы қаласының экс-әкімінің Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваға қатысты талап-арызы бойынша азаматтық істі қарады.


"Сот айыпталушылар таратқан барлық мәліметтер ешқандай дәлелмен расталмайды, негізсіз және ойдан шығарылған деп қорытынды жасады", - делінген сот хабарламасында.


Айта кету керек, барлық ақпараттың сүйенген дерек көзі тек сыбыс пен ойдан шығарылған, тексерілмеген ақпараттан тұратын анонимді телеграмм-арна болып табылады.


2021 жылы сәуірде сотқа тартылушылар YouTube видеохостингінің "Демократиялық Қазақстан / Демократический Казахстан" арнасына 4 видео орналастырды. 2021 жылғы 10 сәуірдегі видеоның көшірмелері олардың Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшаларында да орналастырылды.


"Мамай мен Иманбаева әлеуметтік желілерде берілген ақпараттың шындық екенін дәлелдей алмады. Сот ісінің бірқатар тармақтары бойынша өз ұстанымдарын қолдау үшін олар тек әлеуметтік желілердегі және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жазбаларға сілтемелер берді. Олар талаптың бірқатар тармақтарымен мүлдем келіспеген", - делінген хабарламада.


Талапкерді қылмыс жасады деп айыптайтын тексерілмеген әрі жалған ақпарат тарату арқылы сотқа тартылушылар оның моральдық құқықтарын бұзды.


Сот жауапқа тартылушыларға шешім заңды күшіне енгеннен кейін 10 күн ішінде жарияланған материалдарды теріске шығарып, оны жоюға бұйрық берді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.06.2021
08.05.2021
07.05.2021
25.04.2021
06.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031