USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нығматулин жолдауға қатысты пікірін білдірді

  • 01.қыркүйек.2021, 16:31,
  • 162

Мәжіліс депутаттарының басты мақсаты – Жолдауда айтылған барлық бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету. Бұл туралы бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин жетінші шақырылымның екінші сессиясындағы алғашқы жалпы отырыста айтты.

Президенттің кезекті сессияны ашып, Парламент қабырғасында халыққа арнаған Жолдауын жариялағанын алға тартқан Палата Спикері:


-"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі Жолдауы - Қазақстанымыздың тұрақтылығын сақтай отырып, одан әрі дамытуға арналған Стратегиялық Құжат. Себебі, Жолдауда саяси, әлеуметтік, экономикалық өсіп - өркендеудің нақты жолдары, нақты қадамдары көрсетілді",- деді.


Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, Жолдауда әсіресе, агроөнеркәсіп, денсаулық, білім, аймақтар дамуы және басқа да бағыттарды нығайтуға ерекше көңіл бөлініп отыр.


Cонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы бюджет-қаржы жүйесін жақсарту, елді саяси жаңғыртуды жалғастыру сияқты міндеттерге де назар аударып, осы тапсырмалардың барлығы Парламенттің алдағы кезеңдегі заң шығару жұмысы үшін де айқын бағыт бергенін атап өтіп, Мәжіліс депутаттарына, Қазақстан Президентінің Жолдауында белгіленген елді жүйелі жаңғырту үшін мықты заңнамалық базаны сапалы және жедел құру қажеттігіне тоқталды.


Мәжіліс Спикері депутаттар қарауындағы заң жобалары туралы айта келіп, қазір палатада қаралып жатқан өнеркәсіптік саясат туралы заң жобасына, ел Президенті әзірлеп, қабылдауды тапсырған агломерацияны дамыту, кәсіби біліктілік туралы заң жобаларына да назар аударды.

Нұрлан Нығматулин алдымызда әлеуметтік Кодекс жобасымен жұмыс тұрғанына, осы және басқа да заң жобалары бойынша барлық жұмысты, әдеттегідей, ашық және транспарентті түрде жүргізетінін, оған азаматтық қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің белсенді түрде қатысуымен өткізілетін атап өтті.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
23.06.2021
07.06.2021
01.04.2021
11.03.2021
30.12.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930