USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстан мен Ресей президенттері Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады

  • 19.августа.2021, 15:25,
  • 1 395

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин екі елдің өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Бұл туралы Ресей Федерациясының Премьер-министрі Михаил Мишустиннің Қазақстан Президентімен кездесуі кезінде белгілі болды.

"Біз мемлекет басшыларының қатысуымен болатын Ресей мен Қазақстанның кезекті Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындалып жатырмыз", - деді РФ премьер-министрі.


Михаил Мишустин Қасым-Жомарт Тоқаевқа ресейлік әріптесінің ең жақсы тілектерін жеткізді және өз делегациясын Нұр-Сұлтанда жылы қабылдағаны үшін алғысын білдірді.


"Ынтымақтастық үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Сауда-экономикалық ынтымақтастық жақсы қарқынмен дамуда. 2021 жылдың бірінші жартысында өзара тауар айналым көлемі үштен бірге өсті. Біз жыл соңына дейін жақсы, рекордтық көрсеткіш күтеміз, бұл үшін барлық алғышарттар бар", - деді Мишустин Қазақстан Президентіне.


Михаил Мишустин екі елдің инвестициялық бағыттағы табысты өзара әрекеттестігін атап өтіп, ресейлік бизнес Қазақстандағы 32 ірі жобаға қатысатынын, ал қазақстандық әріптестер Ресейдегі жобаларға белсенді қатысатынын айтты. Сонымен бірге ол мұнда аймақаралық диалог маңызды рөл атқаратынын қосты.


"Қол қою үшін өте маңызды келісім дайындалуда, бұл, әрине, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға елеулі серпін береді", - деді Қазақстан Президенті.


Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумы Көкшетауда өтеді деп жоспарланып отыр. 2020 жылы бұл шара коронавирус пандемиясына байланысты болмай қалған еді.


Айта кетсек, 18-19 тамызда Михаил Мишустин жұмыс сапарымен Нұр-Сұлтанға келді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
23.04.2021
05.02.2021
17.10.2020
01.02.2020
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031