USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Әскери келісім жасалды

  • 17.қазан.2020, 16:09,
  • 323

Қазақстан мен Ресей әскери келісімге қол қойды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады. 

– Әскери-техникалық сала, әскери бағыт Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарда маңызды орын алады, – деді Президент.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қол қойылған Әскери ынтымақтастық туралы шартты құптады және оның Ресей Қорғаныс министрінің Қазақстанға жасаған сапарының маңызды нәтижелерінің бірі екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сергей Шойгуді Жеңістің 75 жылдығына арналған парадтың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өткізілгенімен құттықтады.

Ресей Қорғаныс министрі кездесуге және қазіргі заманның өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік жасағаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.

– Әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың дәстүрлі стратегиялық және одақтастық сипаты бар. Бүгінгі қол қойған келісімнің аса маңызды екені сөзсіз. Бұл барлық әскери ынтымақтастық туралы келісімдердің ішіндегі ең ауқымдысы әрі мазмұндысы, – деді Сергей Шойгу.

Ресейдің Қорғаныс министрі Қазақстан әскерилерінің Қызыл алаңда өткен Жеңістің мерейтойлық парадына жоғары деңгейде қатысқаны үшін Мемлекет басшысына алғысын білдірді. Оның айтуынша, бұл екі ел арасындағы қатынастардың жоғары деңгейде екенін көрсетті. Сонымен қатар ол Қазақстан Қарулы Күштері сарбаздарының Халықаралық әскери ойындарға белсенді қатысқанын атап өтті.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Сергей Шойгуді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.



#әскери #келісім #ресей #қазақстан #президент #тоқаев #шойгу 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.07.2020
03.04.2020
05.02.2020
29.10.2019
07.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930