"Құрметті Михаил Владимирович, біздің елордамызға қош келдіңіз! Сіз Үкімет басшысы ретіндегі алғашқы шетелдік сапарыңызды Қазақстанға жасап отырсыз. Біз үшін оның үлкен символикалық әрі Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы стартегиялық ынтымақтастық және өзара әрекеттестікті дамыту тұрғысынан алғанда практикалық та мәні бар. Мен осы сәтті пайдалана отырып, сізді жоғары лауазымды қызметке тағайындалуыңызбен құттықтаймын. Сондай-ақ, өзімнің әріптесім Ресей Федерациясының президенті Владимир Владимирович Путинге ізгі тілектер мен сәлем жолдағым келеді", - деді президент.
Сондай-ақ, Президент Ресей Үкіметінің басшысына екі ел цифрландыру саласында да әріптестік орнататынына сенім білдірді.
Өз кезегінде РФ Премьер-Министрі Михаил Мишустин Қазақстан Президентіне жылы қарсы алып жатқанына және елордаға шақырғанына алғыс айта отырып, Қасым-Жомарт Тоқаевты Жеңіс күні аясында 9 мамырда Мәскеуде күтетінін жеткізді.
"Ресей Президенті Владимир Путиннің де ізгі тілектері мен сәлемін үлкен ілтипатпен жіткіземін және осы сәтті пайдаланып Сізді 9 мамыр – Жеңіс күнінде Мәскеуде күтетінімізді еске сала кеткім келеді", - деді Михаил Мишустин.