USD 541.18
EUR 636.05
RUB 6.52
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мәулен Әшімбаев Ресей елшісімен кездесті

  • 23.сәуір.2021, 20:11,
  • 410

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті. 

Олар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Сенат Төрағасы парламентаралық диалог Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті.


"Екіжақты қарым-қатынастарда өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығының маңызы зор. Қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының шамамен 70 пайызы өңіраралық және шекара маңы саудасына тиесілі. Біздің мемлекеттеріміздің басшылары шекара маңындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударып отыр. Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумдары өткізіліп келеді. Біздің сенаторларымыздың басым бөлігі белгілі бір аймақтардан сайланған. Сондықтан сенаторлар біздің елдеріміз Президенттерінің барлық бастамаларын қолдайды әрі жүзеге асыруға белсене қатысып келеді", – деді Мәулен Әшімбаев.


Сенат төрағасының айтуынша, біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынас ғылыми-білім беру, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда табысты дамып келеді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.04.2021
26.10.2020
17.10.2020
12.08.2020
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930