Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика, көлік-логистикалық, геологиялық, әскери-техникалық салалардағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация, АӨК, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану және қорғау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.
Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.
COVID-19 таралуына қарсы күрес жөніндегі бірлескен шараларға және екі елдің экономикасы үшін пандемия зардаптарын, оның ішінде экономикалық ынтымақтастықтың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын дайындау және іске асыру жолымен жоюға ерекше назар аударылды.
Ресей – Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. 2020 жылы екіжақты тауар айналымы $18 млрд асты.