USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Президент жер қатынастары жөніндегі заңға қол қойды

  • 30.июня.2021, 18:41,
  • 250

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды. 

Заңның мақсаты - жер заңнамасын жетілдіру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру институтын реттеу және жер телімін пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейту.


Негізгі заңдық өзгерістер мен толықтырулар мыналарды көздейді: қазақстандықтар мен қазақстандық заңды тұлғаларға ауылшаруашылық жерлерін 49 жылға дейін жалға алуға, жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімін тағы да ұзартуға құқық беру, сондай-ақ мемлекеттен сатып алынбаған ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді жалға алу құқығынан айыру.

Сонымен бірге ондай жер телімін пайдалану мерзімі кемінде 5 жылды құрайды, сонымен қатар жер қатынастары жөніндегі органдарға хабарлама беру міндетті шарт болып табылады.

Құжатта мынандай келесі міндеттер де ескерілген:

- Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функцияларын әкімдіктерден жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетке қайтару;

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің "көгалдандыру" және "саяжай құрылысы" мақсаттарын өзгертуге тыйым салу;

- халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жергілікті жағдайларды ескере отырып, жайылымдарды басқару жоспарларында талап етілетін жайылымдық шекараларды анықтау;

- ұсынылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы ақпаратты мемлекеттік жер кадастрының интернет-ресурсында орналастыру;

- ауылшаруашылық жер телімдерін қазақстандықтарға жеке меншікке беруге жарияланған мораторийді 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту.





#жер #заң #Кодекс #Президент #Тоқаев 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.05.2021
29.04.2021
25.03.2021
25.02.2021
15.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031