USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңға қол қойды

  • 13.мамыр.2021, 11:32,
  • 290

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге жерді шетел азаматтарына сатуға тыйым салатын заңға қол қойды.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Осылайша ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану құқығы тек Қазақстан азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларға берілетін болады.

Бұған дейін Парламент шетелдіктерге, қандастарға және шетелдік заңды тұлғаларға ауылшаруашылық жерлерін иемденуіне тыйым салатын заң қабылдаған. Сенат Жер кодексінің 48-бабының 2-тармағына өзгеріс және 128-бабы 4-тармағының бірінші абзацына толықтыру енгізді.

Заң жобасының мақсаты - шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар Қазақстанның заңды тұлғаларының, халықаралық ұйымдардың, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтардың, сондай-ақ қандастардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік құқығымен және уақытша жер пайдалану құқығымен иеленуіне тыйым салуды енгізу.

Сондай-ақ, заң жобасында Қазақстан азаматтығы тоқтатылған және шетелдік азаматтар мен заңды тұлғалар Қазақстанның заңды тұлғасының қатысушылары құрамына кірген жағдайларда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді иеліктен шығару мәселелері реттелді.



#Тоқаев #жер #кодекс #мараторий #заң #саясат #шетел 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031