USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Сенат жер заң жобасын Мәжіліске қайтарды

  • 29.сәуір.2021, 13:37,
  • 411

Сенат "Жер қатынастары мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарды.

Парламенттің жоғарғы палатасының депутаттары заң жобасына жеке орман өсіру мәселесі бойынша өзгерістер енгізу қажет деп шешті. Сондықтан сенаторлар түзетулер енгізіп құжатты Мәжіліске жіберуді ұйғарды.

Заң жобасының мақсаты - шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының, халықаралық ұйымдардың, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтардың, сондай-ақ қандастардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік немесе жер пайдалану құқығымен иеленуіне тыйым салу.


Сондай-ақ, заң жобасында Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған және шетелдік азаматтар мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысушылар құрамына кірген жағдайларда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді иеліктен шығару мәселелері регламенттелген.


"Жер - халқымыздың басты байлығы, тәуелсіздігіміздің символы. Сондықтан жер мәселесінің стратегиялық маңызы зор. Бұл заң жобасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және қандастарға сатуға және жалға беруге тыйым салады.


Сондай-ақ, құжатта Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған және шетелдік азаматтар мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысушылар құрамына кірген жағдайларда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін иеліктен шығару рәсімі көзделген. Жалпы, бұл заң жобасы ең алдымен халық пен мемлекет мүддесін қорғайды", - деді Сенат төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров палата отырысында.


Осылайша заң жобасы қабылданған жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары ғана ие бола алады.


Елдегі жер мәселелерін заңнамалық реттеу осы Заң қабылданғаннан кейін жалғастырылады.


Айта кетейік, жақында бес сенатор қатысқан жер комиссиясы өз жұмысын аяқтаған болатын. Комиссия отырысы барысында осы саладағы заңнаманы жетілдіруге қатысты көптеген ұсыныстар айтты. Ұсыныстарды ескере отырып, Үкімет қазіргі уақытта жер пайдалану саласында заңнамалық түзетулер топтамасын әзірлеп жатыр. Соңғы отырыста қазақстандықтар үшін ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға мораторийді бес жылға ұзарту туралы шешім қабылданған болатын.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.03.2021
04.03.2021
11.02.2021
27.01.2021
03.06.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031