USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда жерді пайдалану мен сату ережесі өзгерді

  • 25.наурыз.2021, 12:21,
  • 334

Елімізде жерді пайдалану мен күтіп ұстаудың жаңа ережелері бекітілді. Ол бойынша ауыл шаруашылығы игілігі үшін қолданылмаған жер 1 жылдан соң мемлекетке кері қайтарылады. 

"Бүгінгі күні мемлекеттік шекарадан арақашықтықты айқындай отырып, шекара маңындағы аймақта ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) азаматтарға беруге тыйым салынған. Халықтың жеке малын елді мекендердің маңында күтіп-бағу мұқтаждықтары мемлекет мұқтаждықтары санатына жатқызылды, бұл оларды мәжбүрлеп алып қоюға заңнамалық негіз береді", - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров. 

Министрдің мәлімдеуінше, бүгінде жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша заң жобасы әзірленді. Ол бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін тексеру кезеңдері мен алып қою мерзімдерін 3 жылдан 1 жылға дейін қысқарту көзделген. 

"Ауыл шаруашылығы жерлерінің тиімді пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында 2019 жылы Жер кодексіне Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалану жөнінде өзгерістер енгізілді. Яғни, пайдаланылмайтын жерлерді анықтау үшін енді жүйелі бақылау, жерүсті түсірілімдерін жасау, зерттеп-қарау, түгендеу нәтижелерімен қатар, ғарыштық мониторинг нәтижелері де пайдаланылатын болады", - дейді ол. 

Айта кетейік, елордада Жер реформасы жөніндегі комиссияның 1-ші отырысы өтіп жатыр. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық еткен комиссия құрамы 80 адамнан тұрады. Оның 60 пайызы азаматтық оғам өкілдері және тәуелсіз сарапшылар. 

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында бір айдың ішінде жер реформасы жөніндегі комиссияны құрып, оның құрамына аграрлық сектордың беделді өкілдерін және жер мәселесін жетік білетін сарапшыларды қосуды тапсырған болатын. 




#жер #реформа #ереже #пайдалану #қолдану #АШМ #СапарханОмаров 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.10.2020
06.10.2020
15.07.2020
29.07.2019
17.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930