USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Биыл жер мәселесі ушығуы мүмкін еді

  • 25.ақпан.2021, 20:18,
  • 292

"Бұған дейін біздің үкімет ақша тауып, инвестиция тарту үшін жерді сату туралы шешімге келген. Бірақ бұған қазақ халқы қарсы шықты, "Жерді сатқаның – Отаныңды сатқаның" деп. Сол кезде көтерілген халыққа қарсы шығуға батпаған билік Жер мәселесіне мораторий енгізіп қойған. Ендеше, Мемлекет жерді шетелдіктерге сату ниетінен бас тартпағанын көреміз. Лоббистер үмітін жоғалтпаған еді", деп жазды желіде Мұрат Әбенов.

"Биыл, 2021 жылы әлгі 5 жылдық мораторий мерзімі аяқталады. Жер дауы қайтадан бұрқ етейін деп тұр еді. Өйткені үкімет нақты әрекет жасамады, Қазақстандағы ірі жер иеленушілердің кім екені сол күйі ашылмады, шетелдік банктерде жүздеген мың гектар жерлер кепілдікте тұрғанын ешкімге айтқызбай қойды", дейді Әбенов жазбасында.


Бүгін Президент Тоқаев тым сирек қолданылатын Президенттің заң шығару бастамасы құқығын пайдаланып, жерді шетелдіктерге, шетелдік заңды тұлғаларға сатуға, жалға беруге тыйым салатын заң әзірлеуді тапсырды. Енді лоббистердің халықты алдап соғуына, билікке қысым жасауына жол беретін бір түйір мүмкіндік қалдырмау қажет. Бізде ірі латифундистердің шағын тобы бар, олардың пиғылы – жерді шетелдіктердің жеке меншігіне жаздыртып қойып, сосын оны Қазақстан азаматтарына жалға беріп отыру.


Бүгін Тоқаев бір күндік саяси пайдасын емес, Қазақстанның болашағын ойлайтын мемлекеттік қайраткер екенін көрсетті, деп қосып қойды Әбенов.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.02.2021
04.09.2019
09.07.2019
ХАЛЫҚТЫҢ ДА, БИЛІКТІҢ ДЕ АЛДЫНДА ЕКІ ЖОЛ ТҰР

ҚОС БИЛІКТЕН ТУЫНДАҒАН САЯСИ ШИЕЛЕНІС ҚАЙДА АЛЫП БАРАДЫ?

Ең сорақысы Нұрсұлтан Назарбаев өмір бойы басқаратын ҚР Қауіпсіздік кеңесінің құрамына ҚР Президенті, ҚР Парламент Сенатының және Мәжілісінің төрағалары, ҚР Премьер-министрі, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, ҚР Бас прокуроры, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ҚР Сыртқы істер министрі, ҚР Қорғаныс министрі, ҚР Ішкі істер министрі, ҚР "Сырбар" сыртқы барлау қызметі және басқалар кіреді.

Былайша айтқанда аталған заң бойынша Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан бастап барлық билік тармақтары мен күштік құрылымдар басшыларына өз бұйрығын орындата алады.

ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттегі ең жоғары лауазымды тұлға — ҚР Президенті, яғни Қасым-Жомарт Тоқаев болса, ҚР "Қауіпсіздік кеңесі туралы" заңы бойынша Қазақстандағы ең жоғары лауазымды тұлға — ҚР Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, яғни Нұрсұлтан Назарбаев болып шығады.

05.06.2019
05.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930