USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жер мәселесі шешілді - Ерлан Қарин

  • 25.ақпан.2021, 19:16,
  • 309

Бүгін Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салу туралы норманы заңдастыруды тапсырды. Оның ұстанымы айқын әрі нақты: "қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды", деп жазды желіде Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин.

"Мемлекет басшысы шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырып, бұл мәселеге түбегейлі нүкте қойды. Президент Әкімшілігі Президенттің заң шығару бастамасы тәртібімен дәл осы мәселеге байланысты тиісті заң жобасын әзірлейді. Мемлекет басшысы осындай құжатты өз өкілеттігі аясында әзірлеуді тапсыру арқылы аталған норманы заң жүзінде бекітуге қатысты ұстанымы нақты екенін көрсетті", делінген жазбада.


Қолданыстағы заңнамаға сәйкес заң жобасы Үкіметтің, Парламент депутаттарының немесе Президенттің бастамасы бойынша әзірленеді. Аталған үш түрлі тәсілдің өз рәсімі бар. Заң жобасы Президенттің бастамасы бойынша әзірленсе, жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салуды заң жүзінде тезірек ресімдеуге болады.


"Сонымен, жер мәселесіне қатысты ең көп талқыланған мәселе шешімін тапты. Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға қатысты басқа да мәселелер Жер реформасы жөніндегі комиссияда талқыланады. Бұл комиссия бір айдың ішінде құрылып, жұмысын биылғы наурыз айының соңында бастайды", деді Қарин.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
29.01.2021
23.07.2020
15.04.2020
11.11.2019
08.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930