USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

КӨБЕЙТҰЗДЫ НЕГЕ ЗЕРТТЕМЕЙДІ?

  • 21.июля.2020, 16:00,
  • 1 212

«Ерейментауда суы қызғылт түсті көл бар екен» дегенді ести сала, көруге асықтық. Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық демей ме? Көл атауы Көбейтұз екенін және оның түсі жылына бірнеше рет қызғылт реңге айналатынын білдік. Табиғаттың таңғажайып сұлулығын тамашалау мақсатында арнайы тур ұйымдастырушы компаниялардың біріне хабарласып, сенбі күні таңертең Көбейтұз көліне қарай жолға шығып кеттік.

Барар жеріміз қаладан алыс емес, Нұр-Сұлтан – Пав­лодар тасжолының бойында орналасқан. Ерейментаудан өт­кен­нен кейін жолдың бойында «Қор­жынкөл станциясы» деген тақтайша көрінеді. (Бұл – қала­дан 176 шақырым жер). Осы жер­ден оңға бұрылып, түнел ар­қылы жолдың арғы бетінде ор­наласқан «Ақжол» кешеніне жет­тік. Кешенге жеткенше әрлі-бер­лі толастамай жүріп жатқан кө­ліктерді көріп, бүгін көлге келушілердің көп болатынын бағамдадық. «Ақжол» кешенінен оң жаққа шамамен 3 шақырым жүр­ген соң алыстан қызғылт көл көзге көрінді. Расында судың түсі ерекше.

Көбейтұз - бірегей табиғи көл (әлемде мұндай көл бар болғаны 8 ғана). Ол жылына бірнеше рет қызғылт түске боялады. Судың қызғылт реңкке боялуына тұзды теңіздерді мекендейтін біржасушалы дуналиелла сортаңды су балдыры әсер етеді-мыс. Көл теңіз деңгейінен 253 м биіктікте орналасқан. 

WhatsApp Image 2020-07-21 at 10.46.51 (3).jpeg

Жаз басталғалы елорда мен Қарағанды, одан қалды Павлодардан келген ағайын Көбейтұзды жағалай бастады. Тіпті, әр демалыс сайын арнайы турлар ұйымдастырылып жатыр. Әлеуметтік желідегі суреттер бармағандарды елітіп, "мен мұндалатты".

WhatsApp Image 2020-07-21 at 10.46.48.jpeg

Қызғыл түске боя­лып жатқан көл көк аспанмен астасып, сары далаға ғажайып сұлулық беріп тұр. Көл бір жылдың ішінде бірнеше рет осылай қыз­ғылт түске боялады екен. Ең ал­ғаш көлдің қызғыл түске боялуы былтыр жазда байқалған. Ға­лымдар мұны тұзды суда тіршілік ететін дуанелла гало­фил бактерияларының көбеюімен түсіндіреді. Сонымен қа­тар қатты ыстық пен жауын-ша­шынның аз болуы шипалы судың ерекше түсін сақтап қалу­ға әсер еткен. Көл жиегіне табанымыз тиген бетте суына түсуге асықтық. Өзімізбен бірге жаздық жеңіл сүйретпе аяқ киім ала шыққанымыз жақсы болған екен. Өйткені көлдің табаны шамамен 4-5 елідей кәдімгі аппақ қатпарлы тұз. Көлді жалаң аяқ кеше алмайсың, табаныңа тұздың қатпары батады. Мұнда келген кейбір адамдар күрекпен тұзды аршып, астынан шыққан қара лайды бетіне, денесіне жа­ғып жатыр. Ал енді біреулер лай­ды ыдыстарға салып, көлдің суын бөтелкелерге құйып, кө­ліктерінің жүк салғышына тиеп жүр. Білетіндер көлдің батпа­ғының емдік қасиеті күшті десе­ді. Әсіресе, салқын тигенде бөлме температурасындағы балшықты тұзды денеге тартса, жақсы қызды­рады екен. Суы да суық ти­генде денеге жақса, ем болады де­седі. Тіпті, күздің күні аяғын суға салып, ем алатындар бар екен. Көлдің лайы ревматизм ауруына шипа болады дейді. Біз көлді ортасына дейін ке­шіп бардық. Кешіп бар­дық дейтініміз, көлдің тереңдігі тізеге де жетпейді. Бір қызығы, көл­дің әр жерінде аппақ болып тасқа айналған тұздар қатып қал­ған, орнынан қозғалта ал­май­сың. Бұл жердің сырын біле­тіндер бір тәулікте 20 ми­нут қана суға түсуге болады дейді. Одан көп түссеңіз, ден­сау­лыққа зиян болуы мүмкін. Бұл сөздің де жаны бар сияқты. Өйткені көлдің орта тұсына бар­ғанда көзіміз ашып, басымыз ай­налғандай болды. Тіпті, тол­қынмен бірге тербеліп, теңселіп тұрғандай боласың. Байқағанымыз, суға құс қон­байды екен. Көбейтұз­дың жанындағы тағы бір тұзды көл бар. Қызғылт көлден қайт­қан жұрт осы жердің суына шо­мылып, аққуын тамашалайтын кө­рінеді. Өйткені Көбейтұздан шыққан соң денеңіздің су тиген жерінің бәрі аппақ тұз болып қатып қалады екен. Көлден соң шайынбасаңыз, тұз денеңізді ашы­тып, киіміңізді қатырып тас­тайды. Сондықтан Көбей­тұзға жолыңыз түссе, міндетті түрде кісі басына 4-5 литр су ала шығуды ұмытпаңыз. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Көбейтұз­дың сұлулығын тамашалауға еліміздің әр өңірінен, сонымен қатар Ресейден де саяхатшылар ке­леді екен. Шетелдік турис­тер­дің қызығушылығын оятқан көлдің суы, оның құрамы, ақ-қызғыл түсті тұзының пайдасы сапалы зертханалық зерттеуді қажет етеді. Сонымен қатар көл­дің табиғи сұлулығын сақтап қалу үшін көлге баратын жолға белгілер қойып, бірнеше әжет­хана мен қоқыс контейнерлерін орнату керек-ақ. Көбейтұздың суы, тұзы мен батпағы расында адамға шипалы екені дәлелденсе, инфрақұрылымын қолға алатын кәсіпкерлер де табылып қалар. Анықтама. Көлдің аты – Кө­­бейтұз. Халық ара­сын­­да қызғылт көл деген атауға ие. Суы тұзды. Аумағы 7 шаршы ша­қырымға жуық, ұзындығы – 3,5 км, ені – 3,1 км, ал жағалау бойы­­ның ұзындығы – 11 км. Жа­ға­лауы құмды, саздақты ойлы жа­­зық. Су көп болған жылдары көл пішінін өзгертіп тұрады. Қара­­ша-сәуір айлары аралы­ғын­да қатып жатады. Көл жауын-ша­­шын және жерасты сулары­мен толысады.  



#көбейтұз #сараптама #зерттеу 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
23.07.2020
11.11.2019
21.09.2019
11.07.2019
Қазақтың – Ұлт көсемі қайда?!

Қазақ даласында әрқашан Ұлт көсемі болып, ол – белгілі бір дәрежеде өзгеріс алып келіп, халықты алға жетелейтін. Қазақстан тарихында бірізділік пен ауызбіршілікті алға қойып, жұмылдыра білген көшбасылар жетерлік.


«Негізінен қазақтар - бар ниетімен ақкөңіл, адал, басқаның қайғы-қасіретіне ортақтасқыш, қонақжай, салауатты және төзімді. Бойында қатыгездік пен кекшілдік жоқ. Бірақ, ұрыста немесе шабуыл кезінде ажалмен бепте-бет келсе ешқандай абыржымайды», - деген сипаттамалар баршаға белгілі.


Дегенмен, бүгін ел қандай күйде?! Қазақтар өткендегі сипаттамаларға, бүгін сәйкес келеді ме?! Халықты біріктіріп, алға жетелейтін Ұлт көсемі қайда қалды?! Қазақ неге бірікпей отыр?! Заманауи Әлихан Бөкейхановтай көшбасшы қайда? Неліктен қазіргі таңда, қазақтар бір-біріне жала жауып, біреуге тәуелді екен деп, кінә артып отыр?! Осының бірегей себебі, Ұлт көшбасшысын анықтай алмауда...

10.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930