USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстандық ЖОО-лар қашықтан оқытуды қалай жүргізді?

  • 30.июня.2020, 09:00,
  • 506

Елде орнаған ТЖ режимі қашықтан оқуды алғаш рет басынан өткізген мектеп оқушыларымен ерекшеленді. Қазақстандық ата-аналар білім беру сапасы нашарлап, жаңа форматқа үйрену қиынға соққанына наразы. Қашықтан оқып көрген ЖОО студенттердің де бұл мәселе туралы айтар ойы бар. 

Арнайы платформа тапшылығы

Көптеген білім ордаларында ұстаздар мен білім алушылар байланыса алатын арнайы платформалары жоқ. Сондықтан әлем қолданып жатқан бірен-сараң қосымшалар мен сервистерді қолдануда. Пандемия жағдайында әлем бойынша қолданушылар саны артқан сайын, олармен жұмыс істеу қиынға соқты. 


"Өз басым карантин кезінде кем дегенде үш қосымша орнаттым, әрқайсысы компьютер жадының біразын толтырды. Тіркелу мен сабаққа қатысу мүлде бөлек әңгіме. Бірде дәріс кезінде ақаулар болып, келесі жолы кіруге де мүмкіндік бермейді. Үй жұмысын амалсыздан сол баяғы мессенджерлер арқылы да жібердім", - дейді Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің Торғын есімді студенті.

Үй тапсырмасы көлемі ұлғайды

Кесте бойынша белгіленген академиялық сағаттар техникалық жағдайларға байланысты едәуір азайған. Алайда бұл берілетін тапсырмалар көлеміне қатысты емес. Керісінше, үй тірлігі, жұмыс пен оқу материалдарын қатар ала алмағандар көбейді. 


"Үйде отырғандықтан (ұстаздар) біз дем алып отырмыз деп ойлайды. Мүлде олай емес. Құдайға шүкір, карантин жұмысыма еш әсерін тигізбеді, үйден отырып-ақ ақша таба аламын. Бұрын шығармашылық, топтық жұмыстар көп болды, көп уақытыңды алмайтын. Қазір барлығы жазбаша тапсырмалар беріп, оны қорғауды талап етеді", - дейді Арай, Еуразия ұлттық университетінің студенті. 

Қорытынды емтихан дауы

Еліміздің бірнеше ЖОО студенттері емтиханның орнына үлгеріміне қарап орташа есеппен баға қоюды өтінген еді. Әлеуметтік желіде арнайы петиция жинап, қолдау сұрағандар да болды. БҒМ министрі Асхат Аймағамбетов емтиханды өткізу ретін әрбір орда өзі шешетінін мәлімдеді. 


"Алматыда көптеген ЖОО емтиханды өткізбеді, біздің "ұлттық" дәрежесі бар университет мұндайға бара алмады. Десе де емтиханды тек бейінді пәндерден өтуге рұқсат етті, қалғандарын орташа есеппен бағалады. Нұр-Сұлтанда оқитын достарыма бұндай жеңілдік болмапты", - деді Қазақ ұлттық университетінде білім алатын Эрик.


Диплом қорғау мәселесі

Биылғы оқу жылының түлектері қашықтан оқытудың кері әсерін бірден байқады. Олар оқу бағдарламасы жағынан еш қысым көрмегенімен, әкімшіліктің ақпаратты кеш, жартылай жеткізгеніне наразы. 


"Дипломдық жұмысымды күні кеше ғана қорғап шықтым, біраз тер төктім. Барлығы қайда, қалай өтетінін ешкім анық айтпады. Бір хабарды күттіріп қойды. Тіпті қорғалатан күнімді де білмедім, барлығы аяқ астынан болды", - деп ашынды Қазақ экономикалық университетінің түлегі Айдар.

Оқу және кәсіптік тәжирибе реті

Қорытынды емтихан тапсырған студенттер белгіленген мерзім ішінде тәжірибеден өтулері керек. Елдегі төтенше жағдай мерзімі ұзартылғандықтан, жоспарланған мерзім шегерілді. Өзгерістер мен қосымша тапсырмаларға бәрі бірдей дайын болмады.


"Тәжірибені қашан өту керектігін көпке шейін білмедік. Білген күннің өзінде өзгерткен соң құжаттарды қайта жібердік. Бұрын кафедра қызметкерлері біраз болсын нұсқау жасаса, осы жолы әркім өз қаласында, аулында реттеді. Өзім Нұр-Сұлтанда оқимын, ТЖ кезінде туған жерім Семейге келдім. Елордада біраз мекеме ашылып үлгерді, бізде әлі де карантин ережелері қатаң сақталды. Күн сайын тәжірибе өтетін жеріме барып, келісуге тура келді. Құжаттарды басып шығаратын жер де болған жоқ", - деді Еуразия Ұлттық университетінің Балнұр есімді студенті.

Ауылды аймақтардағы қолжетімсіз ғаламтор

Техникалық ақауларды ысырап қойғанда, қала тіршілігімен өмір сүрген жастар әрдайым бақылау үстінде болды. Ал ауылдарына оралған студенттер желінің нашар сапасына, қажет құрылғылардың жетіспеушілігіне наразы болды. 

"Жатақханадан кетіп, карантин кезінде аулында болған досым бар. Бірге оқимыз. Желіге кіру үшін ауылдың бір нүктесінен екіншісіне үнемі жүгіріп отыратын. Барлығымыз сабақ барысын талқылап жатқанда, ол ұзстазбен жеке хабарласып жүрді. Оның өзі біраз уақытты алды", - деп бөлісті Мира, Қазақстан агротехникалық университетінің студенті. 


скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
12.05.2020
13.04.2020
12.04.2020
21.09.2019
04.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930