Тесттердің алыну жолдары:
Экпресс-тест арқылы коронавирус инфекциясына нақты диагноз қойылмайды. Ол IgG пен IgM антиденелерін анықтап, иммунды жүйе реакциясын бағалайды. Нәтижесі саусақтан алынған қан арқылы шығарылады. Алайда уақыт жағынан ПТР-тесттен әлдеқайда жылдам дайын болады - 15 минут. Денсаулық сақтау министрлігі бұндай тесттің сенімділігі 90%-дан аспайтынын мәлімдеді.
ПТР-тест ағзадағы COVID-19 инфекциясының бар-жоғын нақты анықтайды. Талдау мұрын мен тамақтағы сілекей және тамырдан қан алынып жүргізіледі. Нәтижесі 6 сағаттан кейін белгілі болады.
Экспресс-тест пен ПТР-тестінің айырмашылығы:
Экспресс-тест аурудың шарықтаған шегінде, және инфекциядан айығып үлгергендерге тиімді. Ал вирус жұқтырудың алғашқы кезеңдерінде ПТР-тестін тапсырған жөн.
ПТР-тестін барлық аймақтардағы "Ұлттық сараптама ортылықтарында" тапсыруға болады. Ұлттық сараптама орталығында тест тапсыру үшін алдын ала nce.kz. сайтынан тіркелу қажет. Тест тапсыру құны – 11500 теңге.
"Олимп" лабораториялар желісінде ПТР-тест құны 15940 теңге.
Тегін ПТР-тестілеуді кім және қайда тапсыра алады?
- МӘМС қатысты емханалар - дәрігер нұсқаулығымен
- Ұлттық сараптама ортылығы
Тестті тегін тапсыра алатын тұлғалар:
- жұмыссыздар
- аз қамтылған
- көпбалалы отбасы мүшелері
- жүкті әйелдер
- мүгедектігі барлар
- ауруханаға жоспарлы түрде жатқызылғандар
- тыныс алу, эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйесі аурулары байқалатын 50 жастан асқандар
- эпидемияға қарсы шараларға ат салысқандар
- қарттар үйлері мен интернаттарда тұратындар
- мектеп алды мекемелер қызметкерлері.