USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Бас санитар дәрігердің қаулысы қаншалықты заңды?

  • 15.июня.2020, 08:30,
  • 468

Заңгер Жангелді Сүлейманов Алматының бас санитар дәрігерінің қаулысына қарсылық білдірді. Оның ойынша, құжатқа енгізілген ережелер заңды болып есептелінбейді.


- Біздің түсінуімізше, сіз Алматының бас санитар дәрігерінің қаулысына арыз жолдамақшысыз. Сіз оны заңсыз деп санайсыз ба?


- Иә, дәл солай. Заңға сәйкес, аймақтық санитар дәрігері барлық азаматтарға қатысты нормативтік акттерді шығара алады. Оның шығаратын қаулылары тек белгілі бір субъектерге арналуы керек. Егер бір мектеп, мейрамхана немесе дүкен санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтамаса, дәрігер бұл мекемеге қатысты қаулы шығара алады. 


Заңнамада "карантиндік шаралар" ғана ұғым бар, "карантин" түсінігі жоқ. Карантиндік шараларға вирус жұқтырғанды оқшаулау мен олармен байланыста болғандарды бақылау жатады. Қазір болса блокбекеттер орнату, үш адамнан көп адамға жиналуға тыйым салу, өндірісті тоқтату мен бетперделер кию секілді ондаған шектеулер бар. Бұның бары ақылға қонымсыз.


Кейбір шаралардың енгізілу себептері мүлде түсіндірілмейді. Неліктен базарлар мен сауда орталықтары жұмыс істейді, ал косметологиялық салондар әлі де жабық. Блокбекеттердің мәселесі де бар. Алдымен барлығына олардан өтуге тыйым салынды, кейін біреулерге рұқсат етіп қайта шектеу қойды. Халық кімнің өтіп-өтпейтінін түсінбеді. 


- Егер сот арызыңызды қанағаттандырса, бұның соңы неге әкеледі?


- Ең алдымен, белгілі адамдар тобының құқықтары қорғалады. Екіншіден, ДДҰ дабыл қаққан коронавирустың екінші толқынына алаңдаймыз. Егер қазірден бастап жүрігзіліп жатқан карантиндік шараларын теріске шағырмасақ, келесі кезеңде жағдай нашарлауы мүмкін.


Біз бұл арызбен азаматтарды ғана емес, сонымен қатар шенеуніктерді де ағартуды көздейміз. Іс-әрекеттері заңсыз екенін өздері де түсінбейді. Жандарбек Бекшин заңгер емес, дәрігер ретінде шешім қабылдауда. Екінші толқын орын алса, заңсыз шаралар едәуір азаяды деп үміттенеміз.


- Алайда санитар дәрігердің өзі Алматыда енгізілген ережелердің Қытайға қарағанда әлдеқайда жеңіл екенін айтты.


- Өзім заңгер болғандықтан шаралардың жеңіл, қатаңдығын емес, заңдылығын ғана бағалай аламын. Біз өркениетті елде тұрамыз, біреумен салыстырудың қажеті жоқ. Неге мысал ретінде Қытайды келтіреді, карантин енгізбеген Швеция туралы неге айтпайды?


- Бекшин карантин ережелерін бұзғандар жауапқа тартылатынын да атап өткен еді. Бетперде кимеген азамат 5 АЕК көлеміндегі айыппұл төлейді, ал лауызымды тұлғалар нысанға бетпердесіз келгендерді кіргізсе, бұл төлем 15 АЕК-ке дейін өседі. Бұл қаншалықты дұрыс?


- Қарапайым азамат "эпидемиологиялық бақылау субъектісі" болмаған жағдайда оның еш жазығы жоқ. Төтенше жағдай кезінде айыппұлдар ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476 бабымен анықталған еді. Ал 11 мамыр күні ТЖ аяқталғаннан кейін айыппұл салуға негіз де болмады. Бетперде тағу, автобуста тек отыратын орындарды пайдалану секілді ойлап табылған ережелерге сүйену дұрыс емес. Айыппұлдар тек заң бұзушылық үшін салыну қажет. Оның үстіне, ережелер күн сайын өзгереді. Ұшақ жолаушылары алдымен бір орын қалдырып отырғызылатын, сосын бұл ережені алып тастады. Бұл жерде еш қисын көріп тұрған жоқпын.  


- ТЖ ақталғанымен, полиция қызметкерлері тұрғындар сіз атаған ережелерді сақтағанын қадағалайды. Бұған не дейсіз?


- ТЖ атап өткеніңіз дұрыс. Полицияның жұмысын күшейту президенттің алғашқы орнатқан талаптарының бірі болды. ТЖ аяқталғандықтан еш тәртіп сақшысы бұндай іспен айналыспауы керек. Полиция болса үйренгендіктен жұмысын әрі қарай жалғастыруда. Сондықтан олардың карантин ережелерінің сақталуын қадағалауы заңсыз болып келеді. Заңнамада бұл "өкiлеттiкті асыра пайдалану" деп аталады.



скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
02.06.2020
09.05.2020
14.04.2020
21.09.2019
04.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930