1 мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба бөгеті жарылып, үш елді мекенді су басты. Көрші жатқан Қазақстан жері де апат салдарынан зардап шекті. 30 мыңнан аса адам эвакуацияланды.
Оқиға екі елдің БАҚ-тарының қозғаған өзекті мәселелеріне айналды. Алайда Sport телерадиокомпания редакторы Бобур Акмалов пен бас директор Жамолиддин Бобожонов Өзбекстан телеарналарына наразы болды.
18 мамыр күні "Футбол +" бағдарламасының эфирі кезінде қос журналист "Узбекистан 24" мемлекеттік арнаның апатты баяндамасына күмән келтіргенін көрсетті.
Бобожонов "Узбекистан 24 эфирі мен қағаз жүзінде бәрі тамаша, алайда шын өмірде жағдай мүлдем басқаша" екендігіне өкінді.
"Узбекистан 24" арнасына сенсек, Сардоба халқы болған апатқа қуанышты көрінеді".
Акмалов әріптесінің бұл ойымен келісті. Ол Шавкат Мирзиёевтың зардап шеккен аймаққа келуін хабарлауды Солтүстік Кореядағы репортаждарға ұқсатты. Ол жерде халық әрдайым бақытты көрсетіледі екен.
Өзбек телерадио компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Алишер Ходжаев журналистерді "корпоративтік этиканы бұзып, негізсіз айыптады" деген наразылықпен шықты. Кейін оның Facebook-те жазған бұл жариялымы алынды.
"Халық бақылауы" тобы журналистерді қорғауға шақыратын онлайн-петицияны таратты.
Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі Өзбекстан өкілдерін су басу туралы ақпараттың кеш әрі толық емес түрде жеткені үшін айыптады. Министрдің орынбасары Сергей Громов еліміздің зардап шеккен жақ ретінде шығымның орнын толтыруға талап ете алатынын мәлімдеген. Бөгет Қазақстанның келісімінсіз құрылғанын да атап өтті.
Алайда жоспарланған наразылық нотасы Өзбекстанға ақыры жіберілмеді. Екі ел басшылары телефон арқылы бір мәмлеге келгені хабарланды.