USD 541.63
EUR 632.24
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ким Чен Ын орнын босатуы мүмкін

  • 23.сәуір.2020, 15:00,
  • 559

Солтүстік Корея 2019 жылдың соңынан бастап ел басшысы Ким Чен Ынның орнына қарындасы Ким Е Чжонды шұғыл жағдайларға байланысты дайындап келеді. Бұл мәселе ел басшысының денсаулығы нашарлады деген хабардан кейін әлемдік БАҚ-та жиі талқылануда. 


Daily NK басылымның мәліметінше, 12 сәуірден бері Ким Чен Ын бірқатар ота жасатып, күрделі ем алған еді. Қазір резиденциясында дем алып, қалпына келуде.


Сонымен қатар, желіде ҚХДР басшысы комада жатыр, ми өлімі тіркелді және COVID-19 жұқтырды деген ақпарат таралды.


Ақпарат расталып, оның өміріне қауіп төніп жатқан жағдайда билік қарындасы Ким Е Чжонға тиесілі болады. Бұл туралы 2019 жылдың соңында Корея Еңбек партиясының орталық аппаратының пленумында хабарланған еді.


Ким Е Чжон Еңбек Партиясы ОК басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарып отыр. Ағасының сенімді тұлғасы болып саналатын ол елдегі екінші ең беделді адам атағына ие. 



скачать dle 12.0
Фото авторы : rbc.ru Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
12.04.2020
10.06.2019
30.05.2019
26.05.2019
05.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031