USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

LRT ісі бойынша жымқырылған қаражат қазынаға қайтарылады ма?

  • 06.қазан.2021, 20:56,
  • 312

ЛРТ ісі бойынша іздеуде жүрген бас фигуранттар интерпол тізімінде жоқ! Бұлай деген мәжіліс депутаты Райымқұлов құзырлы органның әрекетсіздігіне ашуын білдірді. Расымен де, Бас прокуратура нағыз кінәлі тұлғаларды табуға қандай шара қолға алып жатыр? Ұрланған ақша мемлекет қазынасы қайтарыла ма?


ЛРТ тақырыбына біз де бір шығарылымды арнаған болатынбыз. Оны еске салу үшін, сілтемесін төменде қалдырамыз.


Аты шулы іс жайлы талай бұқаралық ақпарат құралдары айтса да, ЛРТ әлі де өзекті болып, халықтың ызасын тудырып отыр. Қазіргі таңда, ЛРТ құрылысын Астана әкімшілігі жандандырамыз дейді. Ал қылмыстық іс бойынша сот айналасында да, біраз кикілжің шығып жатыр.

Ең қызығы осы құрылысты бастаған, жүргізілуін жетік тексермеген лауазымды тұлғалар әлі де билік басында.


Болар қателік болды. Бірақ одан сабақ алатын жан табылмай жатқаны өкінішті.

 


«Ақ Жол» фракциясының, Мәжіліс депутаты – Мақсат Райымқұлов, Бас прокуратураның LRT ісі бойынша негізгі екі айыпталушыны іздеудегі әрекетсіздігін сынға алды.


Сұлтанбеков пен Арданның интерпол тізімінде жоқ, елден ұрланған миллиардтарды олар оңай жұмсап жатқанына ашынды.


Ережеге сай, Қазақстанның прокуратурасы қылмыскерлерді іздеуге тек Интерполдың бюросына жүгінгеннен кейін кіріседі. Бірақ депутат, Қазақстан тарапы құжаттардың дұрыс рәсімделгеніне күмән келтірді.


Оның үстіне, Райымқұлов, «отандық Стоунхендж» үшін мемлекет қазынасынан бақандай, 120 млрд теңге бөлінсе де, жұмыстың 15% ғана орындалғанына ашынды. Мәжілісмен, бұлай жалғаса берсе, ұрланған қаржының Қазақстанға қайтарылуы екі талай деп отыр.

 


Депутаттың сөзінше: "Шетелге заңсыз шығарылған қаражат табылса, «шыққан жері белгісіз байлық» ретінде шет мемлекеттердің пайдасына тәркіленуі мүмкін екенін түсіну керек".


Бастысы - ұрланған шенеуніктердің меншігі емес, қазақ халқына тиесілі қаражат. Бұл мәлімдемені ешкім жоққа шығармайды.


Әлеуметтік желілерде олардың отбасы мүшелерінің Нью-Йорктегі алаңсыз өмірі туралы жазбалар жиі байқалады. Бұл қаражатты қайтару да белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды. Біздің құқық қорғау органдары қызметкерлері "маңдай термен табылғанның" бәрі жұмсалғанша күтетін шығар, бәлкім.

 


Негізінен елімізде жемқорлықпен, не басқа қылмыстық кодекстің ауыр баптарымен сотталғандар жазаларын толық өтемей жүр. Олар көбінесе, шартты түрде абақтыдан шығып, жымқырған ақшалары қалталарында қалып қояды. Сондай сотталғандарың тек бірнешеуі шығар жазаларын толық өтеп шықты.


Сотталғандарды айтпай-ақ, билік басындағылар қателік жасап, отставкаға мәжбүрлі не өз еркімен кеткендердің өзі, уақыт өте келе, мемлекеттік аппаратқа қайтып келеді.



Нәтижесінде, «Қосылғыштардың орнын ауыстырғанымен, қосындының мәні өзгермейді», - демекші, саяси элита тұрғысынан айтарлықтай өзгерістер жоқтың қасы. Ал елге болса, түбегейлі реформалар керек. Кей кезде реформалар да баршылық, бірақ оларды іске асыруға аса талпыныс жоқ.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.09.2021
19.08.2021
11.07.2019
Қазақтың – Ұлт көсемі қайда?!

Қазақ даласында әрқашан Ұлт көсемі болып, ол – белгілі бір дәрежеде өзгеріс алып келіп, халықты алға жетелейтін. Қазақстан тарихында бірізділік пен ауызбіршілікті алға қойып, жұмылдыра білген көшбасылар жетерлік.


«Негізінен қазақтар - бар ниетімен ақкөңіл, адал, басқаның қайғы-қасіретіне ортақтасқыш, қонақжай, салауатты және төзімді. Бойында қатыгездік пен кекшілдік жоқ. Бірақ, ұрыста немесе шабуыл кезінде ажалмен бепте-бет келсе ешқандай абыржымайды», - деген сипаттамалар баршаға белгілі.


Дегенмен, бүгін ел қандай күйде?! Қазақтар өткендегі сипаттамаларға, бүгін сәйкес келеді ме?! Халықты біріктіріп, алға жетелейтін Ұлт көсемі қайда қалды?! Қазақ неге бірікпей отыр?! Заманауи Әлихан Бөкейхановтай көшбасшы қайда? Неліктен қазіргі таңда, қазақтар бір-біріне жала жауып, біреуге тәуелді екен деп, кінә артып отыр?! Осының бірегей себебі, Ұлт көшбасшысын анықтай алмауда...

05.07.2019
05.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930