USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақтауда көпқабатты үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түсті

  • 23.мамыр.2021, 16:58,
  • 282

Ақтауда қатты желдің салдарынан көпқабатты тұрғын үйдің қаптамасы опырылып түсті. Салдарынан газ құбыры зақымдалды. 

Бүгін таңғы сағат 03.30-да Ақтаудың 30-шағынауданындағы тұрғын үйлердің бірінің қабырғасы құлап түсті. Әкімдік мәліметінше, апат қатты желден болған. Салдарынан газ құбыры бүлінді. Зардап шеккендер жоқ.

"Оқиға күндіз болса, зардап шеккендер болушы еді. Бұл үй ақпаннан бастап Меншік иелері қауымдастығының (МИҚ) басшылығына өтті, сондықтан жауапты адамды таба алмаймыз. МИҚ басшылары мен қызметкерлері уәде айтады, бірақ міндеттемелерін орындамайды", - дейді үйдің тұрғыны Сәуле.

Қазіргі уақытта оқиға орнында қала әкімінің орынбасары Серік Гусман, әкімдіктің және төтенше жағдайлар басқармасының тиісті жауапты бөлімдері, сондай-ақ Мүлік иелері бірлестігінің бірлескен тобы жұмыс істеп жатыр.

Қауіптің алдын алу үшін "ҚазТрансГазАймақ" АҚ қызметкерлері газ беруді уақытша тоқтатты. Құбырлар тексерілгеннен кейін газ қайта беріледі.

Опырылған қабырға арнайы техникамен жиналып жатыр.

Түстен кейін қабыршақтанған қабырға тегістеледі. Тұрғын үйді толық қалпына келтіру жұмыстары қала әкімдігінің бақылауында болады.




#тұрғынүй #газ #опырылды #құбыр #жөндеу #Ақтау 


скачать dle 12.0
Фото авторы : қала әкімдігі
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031