Зардап шеккен ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан. Сондай-ақ, жол жиегіне тұраққа қойлыған үш көлік "суға кеткен". "Автокөлік иелері "Алматы жылу жүйесі" мекемесінен өтемақы талап ете алады", - деді "Алматы жылу жүйесі" өкілдері.
"Құбырлардағы су температурасы - 50-60 градус, сол себепті қандай да бір зардап келуі мүмкін емес. Апаттың себебі - құбырдың тозуы. 1971 жылғы құбыр. Ол өз ісін атқарды. Гидравликалық сынақтан сәтті өтті. Құбыр диаметрі - 700 миллиметр. Оқиға Райымбек даңғылы мен Бөкейханов көшесі аумағында, батыс бөлігінде болды. 13.00 шамасында болған. Қазір сол аудандағы су құбыры жабылды, оқиға орнында апатты-құтқару бригадасы жұмыс істеп жатыр", - деді Алматы қаласының жылу-энергетикалық кешені мен ТКШ кәсіпорындарының ресми өкілі Ян Гирин.