USD 505.17
EUR 599.54
RUB 6.59
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елордада қураған ағаш салдарынан жекеменшік үй өртенді

  • 02.мамыр.2021, 13:14,
  • 319

Нұр-Сұлтанда қураған ағаш жанып, салдарынан Сарыарқа ауданындағы жекеменшік үйден өрт шықты. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар Желіде тарап жатыр. 

Нұр-Сұлтан ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қураған ағаш 2 мамырда өртенген. Өрт кейін жақын маңдағы жекеменшік үйге дейін жеткен. Өрттің жалпы аумағы 300 шаршы метр болды.  


"Қазіргі уақытта өртті сөндіру үшін өрт сөндірушілер мен үш техника жұмыс істеп жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді Нұр-Сұлтан ТЖД баспасөз қызметіндегілер.


Ведомство қызметкерлері шөп өртенуін бақылау мүмкін емес екенін еске салды. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін сөнбеген оттарды, сіріңкелерді, темекі тұқылдарын демалыс орындарында қалдырмау керегін айтты.




#өрт #жалын #апат #Нұр-Сұлтан #ТЖ #тілсізжау 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728