USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Петропавлдағы жатақханалардың бірінде өрт шықты

  • 25.наурыз.2021, 14:42,
  • 369

Петропавлда бүгін таңертең тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан жатақханадан өрт шықты. Төтенше оқиға орнына келген құтқарушылар үйден 50 литрлік газ баллонын шығарды.

Назарбаев көшесінің бойында орналасқан ғимаратта "Жұмақ" қонақ үй кешені болған. Өрт бірінші қонақ үйден шығыпты. 

"Мен жыпылықтап тұрған жарықты байқадым. Желдеткіш жақтан қатты түтін шыға бастады. Мен терезелерді ашып жатқан кезде түтін түгелдей пәтерге тарап кетті. Нәтижесінде дәретхананың төбесі құлады", - деді үйдің тұрғыны Павел Рощупкин.

Төтенше жағдайлар департаменті өрт осы қонақ үй кешенінің сауна бөлмесінде басталғанын хабарлады. Өрттің ауданы 15 шаршы метрді құрады, зардап шеккендер жоқ.

"Сағат 09:18-де хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеке құрам келді, 30 тұрғын эвакуацияланды. Екі адам терезе саңылауы арқылы қонақ үй кешенінен эвакуацияланды", - деді мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы Данияр Алимкин.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Петропавлда Интернациональная көшесіндегі жатақханада өрт шығып, үш адамның өмірін қиған болатын. 




#жатақхана #өрт #Петропавл #тілсізжау #ТЖ 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
24.02.2021
23.02.2021
22.02.2021
10.11.2020
16.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031