USD 520.48
EUR 574.61
RUB 6.06
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

16 жастағы қыз үш баланы өрттен құтқарды

  • 27.қазан.2020, 16:10,
  • 580

БҚО-да 16 жастағы қыз үш баланы өрттен құтқарып қалды.

Ведомство мәліметінше, 27  қазанда сағат 02.12-де Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық өрт сөндіру қызметі кезекші-диспетчерлік бөлімінің пультіне Жәнібек ауылы Шарафудинова 5/2 көшесінде жеке тұрғын үй жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түсті. 

"Өрт жұмыстарын барлау кезінде жалпы ауданы 25 шаршы метр құрайтын екі пәтерлі үй жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнынан 1983 жылы туылған  үйдің қожайыны улы газға улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген. Алайда улы газдың уланған үй иесі есін жимастан, ауруханада көз жұмды. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін жеке тұрғын үйдің терезесінен үй қожайынының қызы 2004 жылы туған жасөспірім өзінен кіші 2 сіңлісі мен 1 бауырын терезеден өзі шығарып алған. Өрт сөндірушілер екі пәтерлі үйдің екінші бөлігін өрттен сақтап қалды", - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша өрт электр жабдығын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмағандығынан шыққан болуы мүмкін. Өрт сағат 03.56-да оқшауланып,  сағат 04.29-да толықтай сөндірілді. Ведомство мәліметінше, оқиға орнында өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.



#өрт #құтқарды #апат #бқо #қазақстан 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.09.2020
21.11.2019
23.10.2019
20.08.2019
12.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930