Табиғатты қорғау полициясы мен "Охотзоопром" қызметкерлері далада мотоциклдермен жүрген күдікті адамдарды байқаған. Тексеру кезінде екі ер адам Қызыл кітапқа енген жануарларды заңсыз аулағаны белгілі болған.
"Браконьерлерден сегіз киік тушасы, 14 киік мүйізі және тіркелмеген аңшы мылтығы табылып, тәркіленді. Күдіктілер Созақ ауданы тұрғыны. Олар полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды. Ұсталғандарға қатысты екі бап: 339 бап "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану" және 337 бап "Заңсыз аң аулау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Ұлықбек Мылтықов.
#браконьерлер #киік #аңаулау #полиция #қылмыс #жаза