USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Талғар ауданында ауыл тұрғыны оқ атты

  • 05.қазан.2020, 16:36,
  • 480

Ол кінәсін толықтай мойындады. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді. 

2020 жылғы 5 қазанда Талғар ауданының полицейлері ғаламторды мониторингілеу кезінде таңғы сағат 09-да шамасында ауылдың маңында оқ атып, аңшылық жасаған тұлғалардың әрекетіне шағымданған ауыл тұрғынының бейнежазбасын анықтады. 

Сонымен қатар, шағым айтушы ұялы телефонына қолында қаруы бар адамды түсіріп алған.

Аталған дерек ресми тіркеліп, Талғар АПБ табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы полиция капитаны Д.Б. Берікбаев оқиға орнына жеткен. Ол Арқабай ауылының 34 жастағы тұрғынының қырғауылдарды заңсыз аулағанын анықтап, оның атына тіркелген аңшы қаруын тәркіледі.

Ұсталған азаматқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 382-бабына сәйкес жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Ер адам оған тіркелген аңшы мылтығынан Талғар ауданына қарасты елдімекен жанында екі мәрте оқ атқанын мойындады. Бұл әрекеті жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырған. Бұған дейін азаматтың заңға қайшы әрекет жасамағанын және істеген ісіне өкінетіні ескерілді. Тәркіленген қаруы әкімшілік айыппұлын төленгеннен кейін өзіне қайтарылады.


#талғар #мылтық #оқ #аң #алматыоблысы 


скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031