USD 530.47
EUR 613.75
RUB 6.56
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Үйінде қарасора өсірген Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды

  • 03.июля.2020, 12:10,
  • 902

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында заңсыз қарасора егілгені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Хромтау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып "Қарасора-2020" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 53 жастағы Хромтау ауданының тұрғыны өз үйінің ауласында құрамында есірткі заттары бар, тыйым салынған өсімдіктерді (қарасора) заңсыз өсіретінін анықтады. Полиция қызметкерлері үй маңындағы учаскеден 19 түп қарасора тәркіледі. Сараптама тағайындалды.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. "Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске салайық, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру және егу және есірткіні тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Полицейлер тұрғындарды зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.



#қарасора #есірткі #қылмыс #ақтөбе #хромтау  

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.02.2020
18.02.2020
05.02.2020
21.11.2019
15.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930