USD 504.49
EUR 587.73
RUB 6.57
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Түркістан облысында қаруланған ер адам ұсталды

  • 29.желтоқсан.2020, 15:13,
  • 451

Қазығұрт ауданында көшеде қарумен жүрген ер адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.

Аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне кешкі сағат 21:40-да белгісіз ер адамның көшеде қарумен жүргені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына бірден криминалды полиция мен жедел-тергеу тобының қызметкерлері барды. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті ұсталды.

"Lada көлігін тінту барысында жедел уәкілдер жолаушыға тиесілі аңшы қаруы мен оқтарды тәркіледі. Полиция қызметкерлері күдікті бұрын сотталған жергілікті тұрғын екенін анықтады. Ол ұсталды. ", - делінген хабарламада.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы ("Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша тіркелді. Іс сотқа жіберілді.


#полиция #қылмыс #ұрлық #қару 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031