USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Оралда тасжол опырылды

  • 08.сәуір.2021, 16:51,
  • 264

Оралда Жәңгір хан көшесінде орналасқан "Бином" жанар-жағар май құю станциясы маңындағы тасжолда төтенше жағдай болды. Оқиға болған жерде арнайы техника жұмыс істеп жатыр. 

Орал әкімдігінде жол төсемінің опырылуы жеке аумақта болғанын хабарлады. Шұңқырдың маңайы қоршауға алынған.

"Факт тіркелді. Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр", - деді БҚО ТЖД өкілдері.

Жолдағы шұңқыр су бұру желісіндегі апат нәтижесінде пайда болған. Кәріз коллекторын 2018 жылы мердігер ұйым қызметкерлері салған. Кепілдік мерзімі әлі аяқталмаған екен.

"Мердігер ұйымға техника бөлдік. Жолдың опырылу себептерін анықтауы қажет. Мердігерлер шығынды өз қаражаты есебінен жояды", - деді "Батыс су арнасы" ЖШС қызметкері.

Айта кетейік, бұл Орал кәріз желілерінде болған алғашқы апат емес. 2020 жылы осындай жағдай мыңдаған тұрғынды сусыз қалдырған еді.



#жол #асфальт #оқиға #Орал #Қазақстан 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031