USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Петропавлда көшенің қақ ортасында тасжол опырылды

  • 06.сәуір.2021, 11:25,
  • 255

Петропавлда әлеуметтік желі қолданушылары көше ортасындағы үлкен шұңқырдың видеосын талқылап жатыр. Тұрғындар айтуынша, асфальт опырылған. 

Бірақ қала тұрғындары тасжолдың опырылуына ғана емес, коммуналдық қызметтің бұл мәселені қалай шешуге тырысқанына таңғалған. Жұмысшылар арнайы техниканың көмегімен шұңқырға құм мен балшық араласқан қар төгіп жатқанын куәгерлер видеоға түсіріп алыпты.

"Мен маманы емеспін, бірақ менің ойымша, олардың әрекеті дұрыс емес сияқты. Егер ауа райы жылып, қар еріп кетсе не болады? Тағы қанша көлік бұзылады?", - дейді жазба авторы.

Петропавл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Олардың сөзінше, су құбыры жарылуына байланысты тасжол опырылған. 

"2021 жылдың 4 сәуірінде диаметрі 300 миллиметр болатын шойын су құбыры жарылды, салдарынан топырақ шайылып, жол опырылды. "Қызылжар су" ЖШС құбырды жөндеді. Қазіргі уақытта барлық үйге су барып тұр, ал шұңқыр толтырылды", - деді ведомство баспасөз хатшысы Әсем Айтолла.

Әкімдік күн жылыған соң, тасжол қалпына келтірілетінін атап өтті.



#жол #жөндеу #опырылды #құлады #Петропавл 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
24.06.2020
01.12.2019
22.11.2019
24.10.2019
14.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031