USD 538.53
EUR 623.94
RUB 6.59
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Оралда белгісіз азамат кішкентай қызды ойын алаңынан әкетпекші болған

  • 03.августа.2020, 20:00,
  • 670

Ғаламторда белгісіз азаматтың бүлдіршін қызды ертіп алып кетуге тырысқаны көрсетілген видео пайда болды. Полиция бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

Facebook желісіндегі "Немолчиkz" парақшасында видео жарияланды. Бейнежазбадағы оқиға Орал қаласының Зачаганск ықшам ауданында болған. Кадрларда белгісіз біреудің ойын алаңындағы екі қызға жақындағаны анық көрінеді. Олармен біраз әңгімелескеннен кейін азамат қыздардың біреуін алып жүре бастайды. Сол мезетте қыздың көршісі келіп, белгісіз азаматтың бетінен ұрып тоқтатады.


Полиция департаменті бөлімшеге оқиға туралы хабарлама 2 тамызда сағат 21:30 шамасында түскенін айтты. Тәртіп сақшыларының хабарламасына сәйкес, оқиға Мөңкеұлы көшесіндегі үйдің ауласында болған: белгісіз біреу алты жасар қызға жақындап, оны белгісіз бағытта алып кетуге тырысқан.


Полицияның мәліметінше, күдіктінің жеке басы анықталды және қамауға алынды. Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр. Тексеріс аяқталғаннан кейін бөлім процессуалдық шешім қабылдайды. Сонымен қатар, полиция қамауға алынған кезде ер адамның мас болғанын да қоса кетті. Оның алкогольдік масаң күйі "орташа" деп бағаланды.



#педофил #орал #қыз #бүлдіршін



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031