USD 521.67
EUR 592.46
RUB 6.32
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Оралда екі автобус соқтығысты

  • 16.қазан.2020, 13:03,
  • 435

Оралда екі автобус соқтғысып, 5 адам жарақат алды.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін таңмен сағат 08.45-те Әбілқайыр хан даңғылында болды. Циолковский аялдамасы тұсында №22 және №1 бағытта жүретін автобустар соқтығысты. Соның салдарынан бес адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылауынша, 16 жастағы жасөспірім, сондай-ақ 50 жастағы әйел, 37 жастағы екі ер адам жабық бас-ми жарақатын алып, милары шайқалған. Қосымша басқа да жарақаттармен олар облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 30 жастағы екіқабат әйелге жүктілігін үзу қаупі төнген. Ол қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жол апатынан полиция қызметкерінің жарақат алғанын жазған болатынбыз.



#автобус #орал #апат #жарақат #науқас #жеделжәрдем

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930