USD 441.66
EUR 475.14
RUB 4.86
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елордада Наурызда сауда орталықтары, кафе және мейрамханалар жұмыс істейді ме?

  • 19.наурыз.2021, 17:24,
  • 900

Елордалық әкімдік өкілдері мейрамхана, кафе және сауда орталықтарының Наурыз мейрамы қарсаңындағы жұмыс режимі туралы айтты. 

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі 21-24 наурыз аралығында да елорданың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенованың 15 наурыздағы қаулысы әрекет ететінін хабарлады.  

Осылайша, 21 наурызда (жексенбі) қалада сауда орталықтары, жабық азық-түлік емес нысандары, жабық спорт нысандары, ХҚКО, "Қазпошта" АҚ жұмыс істемейді.

Сонымен қатар, жексенбіде қоғамдық көліктердің де жұмысы тоқтатылады - дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. 

Сенбі және жексенбіде фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, спорттық-сауықтыру нысандары, сауна, СПА-орталықтарының жұмыс істеуіне тыйым салынады. 

Одан бөлек, 18 наурыздан бастап қоғамдық тамақтану орындары жұмыс және демалыс күндері 07:00 мен 22:00 аралығында жұмыс істейді. 

Сонымен қатар, 18 наурыздан бастап кинотеатрлар мен кинорумдардың жұмысына тыйым салынады.

Нұр-Сұлтанның бас санитария дәрігерінің қаулысын мына сілтемеден оқи аласыз.



#Наурыз #мереке #мейрам #саудаүйлер #карантин #локдаун 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031