- 65 жастан асқан азаматтардың далаға шығуына шектеу енгізілді; түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді (өңірдің көшелерінде жүру);
- демалыс күндері автобустардың жүруіне тыйым салынды;
- такси екі адамнан артық тасымалдамауы тиіс;
- саябақ, скверлерде 3 адамнан артық топ болып жүруге болмайды;
- аумағы 1000 шаршы метрден асатын сауда орталықтары, сауда, ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік емес дүкендердің жұмысы шектеледі. Жұмыс күндері сағат 19:00-ге дейін ашық болса, демалыс және мереке күндері жабық болады;
- жұмыс күндері азық-түлік дүкендері мен жабық базарлардың жұмыс уақыты 17:00 дейін шектеледі. Демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді;
- азық-түлік дүкендері мен мейрамханалардың жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін белгіленді;
- қоғамдық тамақтану орындары 30 келуші немесе сыйымдылығының 50 пайызын ғана қабылдауы тиіс;
- мемлекеттік органдар қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі;
- ХҚО жұмыс кестесі шектеледі;
- фитнес-орталықтар сыйымдылығының 50 пайызын ғана қабылдауы тиіс;
- 5-тен 180-ге дейін оқушысы бар мектептерге сыныпта баланың санын 15-тен асырмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
- пошталар сағат 14:00 дейін ғана жұмыс істейді.
#карантин #коронавирус #ақмола #эпидемия #індет #ауру #пандемия