USD 538.63
EUR 622.23
RUB 6.71
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қостанай облысында карантин босаңдады

  • 03.ақпан.2021, 16:02,
  • 302

Қостанай облысында жедел штаб отырысы өтіп, нәтижесінде сенбі күндері бірқатар нысан мен қоғамдық көліктерге жұмыс істеуге рұқсат етілді. 

Қостанай облысының басшысы Архимед Мұхамбетов каратинге қандай жеңілдіктер енгізілгенін хабарлады.

"Қоғамдық тамақтану объектілеріне сенбі және жұмыс күндері сағат 8:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілсін. Сонымен қатар, спа-орталықтар, монша және сауналар, жабық спорт нысандары мен фитнес-орталықтарына сенбі және жұмыс күндері сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Жабық және ашық азық-түлік базарының жұмысы сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін сақталсын", - деп хабарлады Қостанай облысының жедел штабының қызеткері.

Сонымен қатар, аумағы 2000 шаршы метрден асатын сауда орталықтары мен дүкендер сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Мешіттер, синагогалар мен шіркеулер ашылады. Қоғамдық көлік жексенбіден басқа барлық күндері 23:00-ге дейін жүреді.

Бірақ аймақ басшысы коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауды сұрады.

Айта кетейік, 12 қаңтарда Қостанай облысы "қызыл" аймаққа кірді. Кейін карантин күшейтіліп, сенбі күндері сауда орталықтарының жұмысына тыйым салынды, ал оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылды.



#карантин #шектеу #пандемия #коронавирус 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031