USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елордада карантин туралы жаңа қаулы жарияланды

  • 04.наурыз.2021, 00:35,
  • 303

Нұр-Сұлтанда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды. 

Елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова қол қойған құжат Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтында жарияланды.

Санитар дәрігердің шешімі бойынша, Нұр-Сұлтанда Ashyq пилоттық жобасы фитнес-клубтарда, спа-салондарда, сауналарда, бассейндерде, компьютерлік клубтарда және боулингтерде іске асырыла бастайды.

Қоғамдық көлік үшін штаттық режимде жұмыс кестесі белгіленген. Сауда орталықтары мен сауда үйлері де күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істейтін болды. Фуд-корттар жеткізіп беру және алып кету тәртібімен ғана жұмыс істейді. Түрлі акция, жәрмеңке, шоурум, ұтыс ойындарын өткізуге тыйым салынады.

Қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) жұмыс күндері және демалыс күндері 7.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істей алады. Бұл ретте толтырылу 50 пайызға дейін болуы керек. Ұжымдық, салтанатты шаралар, отбасылық (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), мерекелік корпоративтер мен басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.

Қаулының толық нұсқасын мына сілтемеден оқуға болады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Халықаралық әйелдер күні қарсаңында астаналықтарға үндеу жасаған болатын.



#карантин #қаулы #коронавирус #Нұр-Сұлтан #елорда 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930