Қазақстанда 5 шілдеден бастап сұлулық салондары мен ойын-сауық орталықтарындағы фуд-корттар жұмыс істемейді.
"Мына нысандардың қызметіне тыйым салу керек:
Сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар және т. б. (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары)", - делінген бекітілген хабарламада.
#карантин #сән #салоны #мемлекеттіккомиссия #брифинг #нұр-сұлтан