USD 441.58
EUR 480
RUB 4.86
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Сәтбаевтағы тәртіпсіздікке қатысты жаңа деректер жарияланды

  • 18.наурыз.2021, 17:22,
  • 217

Прокурорлар Сатбаевта болған жаппай тәртіпсіздік бойынша жаңа мәлімет жариялады. 

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында былтыр шілдеде Сәтбаев қаласында болған тәртіпсіздіктер туралы іс бойынша сот талқылауы өтіп жатыр. Қылмыстық іс 481 томнан тұрады.

Сот тыңдалымы тергеу изоляторында өтіп жатыр. Сот процесі ашық, бірақ журналистер тек онлайын қатыса алады.

17 наурызда прокурорлар Бекзат Әшімбеков, Шыңғыс Нұрдәулетов және Нұрсұлтан Тамабаев айыптау актісін таныстырды. Құжатта сотталушылар Сәтбаевта жаппай тәртіпсіздік жасап қана қоймай, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, полицейлерді қорлаған және тас лақтырып, бірнеше нысанды қиратты және тәртіп сақшыларының көлігін зақымдады делінген.

Сондай-ақ, кейбір сотталушы бұрын қылмыстық жауапқа тартылғаны белгілі болды. Олардың көбі 24 шілдеде түн ортасында жергілікті полиция бөлімінің көлік тұрағына келген. Беттерін шүберекпен жауып, түрлерін жасырған.

Сотта айтылған айыптау актісіне сәйкес, зақымдалған көліктерді сарапшылар тексерген. Ішінде қалыпқа келмейтіндері де бар. Прокурор Шыңғыс Нұрдәулетовтің айтуынша, қалпына келтіру құны көліктің нарықтағы бағасынан асып түседі. Іс бойынша тыңдау әлі де жалғасып жатыр.

Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздік туралы істі талқылау 1 наурызда басталды. 54 айыпталушы бар. Олардың ішінде 48-і ер адам және алтауы әйел. Оларға ҚР ҚК-нің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және оған қатысу", сондай-ақ 380-бабы "Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану" бойынша айып тағылды. Процесті судья Кенжебай Ысқақбаев жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, Сәтбаев қаласында 2020 жылдың 23-24 шілдесіне қараған түні бала ұрланып, зорлық-зомбылық көргені белгілі болды. Кейін қалада жаппай тәртіпсіздік басталған. Сәтбаев пен Жезқазған тұрғындары жиналып күдіктіні өздері жазаламақ болған. Олар алаңға жиналып полиция өкілдеріне қарсы шыққан еді.



#сәтпаев #тәртіпсіздік #сот #жаза #қылмыс #зорлық #зомбылық 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031