USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Шымкентте баласын әйел баласын 1 миллион теңгеге сатпақ болған

  • 20.қазан.2020, 12:05,
  • 490

Шымкентте баласын 1 миллион теңгеге сатқан әйел сотталды. 

"2020 жылдың 11 қаңтарында Шымкент қаласы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел іс-шарасын жүргізу барысында 1993 жылы туған тұрғын өзінің кәмелет жасына толмаған баласын 1 миллион теңгеге жергілікті тұрғынға сатып жатқан кезінде ұсталып, полицияға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысында күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған іс әрекеті үшін өкінген.

"Күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтаратпау шарасы қолданылды. Осы жылдың 20 наурызында аталған қылмыстық іс бойынша жинақталған іс-құжаттары айыптау актісімен сотқа жолданды" - делінген хабарламада.

2020 жылдың 27 қыркүйегінде Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотымен күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігі 12-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айырылды.



#бала #көкекана #қылмыс #жаза #үкім #сот #шымкент 



скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930