"Ақтау қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 30 шілдеде Маңғыстау өңіріндегі қылмыс әлемінің сегіз мүшесі А. Айткалиев, Е. Аркыбай, Ж. Жаңбырбаев, Р. Жексенбаев, Е. Зорбай, Ж. Базарбаев, Д. Бимырза және С. Кенғановқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады", - делінген ҚР ҰҚК баспасөз хабарламасында.
Тінту шараларымен тұрғылықты жерлері бойынша және ұсталғандардың өзімен бірге ТТ және Макаров тапаншалары, дыбыс бәсеңдеткіші бар револьвер, "Сайга" мылтығы, үш травматикалық тапанша, тоғыз кесілген мылтық, оларға 160-тан аса оқ-дәрілер, есірткі қзаттары, түрлі суық қару, сондай-ақ 5,6 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат табылды.