Қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау Жамбыл облыстық Прокуратура басқармасының прокуроры, мемлекеттік айыптаушы Ғани Құрмановтың, сотталушы мен жәбірленуші адвокаттарының, сотталушы мен жәбірленушінің заңды өкілдерінің қатысуымен өтті.
Күдікті Ж. Байділдаев ҚР азаматы, Қаратау қаласының 37 жастағы тұрғыны, еш жерде жұмыс істемейтін, үйленген, бұған дейін "Ұрлық" бабы бойынша істі болған. Қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері жеті томды құрады. Сотталушы жыныстық зорлық-зомбылықтың екі эпизоды бойынша айыпталды: ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі және 99-бабының 2-бөлігі (кәмелетке толмағанға қатысты кісі өлтіру), сондай-ақ 24-бабының 3-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігі (2013 жылғы оқиғаға қатысты) бойынша.
"Бүгін Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 8 жасар Аруай Берікті өлтіру ісі бойынша үкім жарияланды. Қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Прокуратураның сотталушыны өмір бойына қамау туралы талабы толық көлемде қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ",- деп хабарлады Жамбыл облысы Прокуратурасының баспасөз қызметінен.