USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда нағашы атасы немересін ұрып тастады

  • 11.наурыз.2021, 13:34,
  • 205

Алматыда атасы немересін сабап тастады. Бұл ақпаратпен "Не молчи" қозғалысының жетекшісі Дина Смайылова желіде бөлісті. 

Ол Facebook-те осы оқиғаның видеосын жариялады. Кадрда ер адам диванда, сосын еденге құлаған баланы тепкілеп, бетінен ұрады. Ол жанұшыра айқайлап, көмек сұрайды. Оған жауап ретінде атасы соққыны төпелей түсіп: "Аузыңды жабасың ба, жоқ па" деп зекиді. Экраннан тыс әйелдің дауысы естіледі, оған бала қан болғанын айтып, жедел жәрдем шақыруды сұрайды. Ол өз кезегінде балаға сонша неге бақырдың деп жатады. Видеоны кім түсіргені белгісіз.

Бұл оқиғаға қатысты Алматы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді. Сөйтсек бұл оқыс оқиға 15 ақпанда орын алыпты. 10 жастағы баланың анасы полицияға 6 наурызда ғана шағым түсірді.


Оқиға орнына тергеу-жедел тобы, Түрксіб ауданының учаскелік полиция қызметкерлері және әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің ювеналды полиция инспекторы барды. Ол кезде бұл адам наркологиялық диспансерде мәжбүрлеп емделіп жатқан, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 72-2-бабы 1-тармағы, ұру бойынша материалдар жиналды. Балаға келтірілген жарақаттың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама оның жеңіл жарақат алғанын көрсетті. Материал мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот өндірісіне алынған. Ол бойынша жақын маңда шешім қабылданады, - дейді полициядағылар.


Әйелдің кәмелетке толмаған үш баласы бар екені белгілі болды. Ажырасқаннан кейін ол ата-анасымен бірге тұрған. Болған жанжалдан соң олар туыстарымен бірге тұрып жатыр.


#сабады #ұрды #немере #бала #ата #алматы #оқиға 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930