USD 507.07
EUR 572.53
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақтөбеде кәсіпкер параны полицейдің "каспиіне" аударды

  • 13.августа.2020, 14:30,
  • 441

Ақтөбеде карантин режимін бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырмағаны үшін полиция қызметкеріне пара беру фактісі анықталды.

06 тамыз күні Заречный кентіндегі дүкеннің сағат 21.00-ден кейін жұмыс істеу фактісі анықталды. Бұл материал аумағы бойынша Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданының № 4 қалалық полиция бөліміне жіберілді.

Келесі күні учаскелік полиция инспекторы материалдарды жинау үшін оқиға орнына шықты. Дүкен иесі ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы заңнама талаптарын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершіліктен жалтару және Ақтөбе қаласының СЭҚ-не материалды жібермеу мақсатында учаскелік инспекторға пара ретінде 10 000 теңге көлемінде ақша ұсынды, алайда полиция қызметкері оған бұл іс-әрекетінің заңсыз екенін түсіндірді.

Сол күні дүкен иесі "Kaspi.kz" қосымша арқылы учаскелік инспектордың телефонына 10 000 теңге көлемінде ақша аударған.

Өз кезегінде полиция қызметкері дүкен иесінен жоғарыда көрсетілген ақша сомасын аудару туралы хабарламаны көргеннен кейін бұл туралы өз басшылығына баяндады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 367-бабының 1-бөлігі (Пара беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.



#пара #полицей #карантин #ақтөбе 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.08.2020
07.08.2020
24.07.2020
11.07.2020
09.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031