USD 538.63
EUR 622.23
RUB 6.71
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Кредит алып беремін деп алдаған павлодарлық ұсталды

  • 15.желтоқсан.2020, 16:23,
  • 475

Павлодарда алаяқ тұрғынды қомақты көлемде кредит алып беремін деп алдап кеткен. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Май ауданының криминалды полиция қызметкерлері Ақсу қаласының тұрғынын алаяқтық жасады деген күдікпен ұстаған.

Полицияға 38 жастағы әйел көмек сұрап келген. Ол қаңтарда бейтаныс ер адам оған 30 миллион теңге көлемінде үйді кепілге қою арқылы несие рәсімдеуге көмектесетінін айтқан. Ол кейбір құжаттарды рәсімдеу және үйді бағалау үшін әйелден 440 мың теңге аванс сұраған. Ақшаны алған соң ер адам байланысқа шықпаған.

"Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында жедел уәкіл ер адамның кім екенін анықтап, оны Павлодарда ұстаған. Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары павлодарлықтарды сақ болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.



#алаяқ #кредит #несие #павлодар #полиция #қылмыс #бұзушылық 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031