USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қарағандыда әкесі ұлына баланы ұрғызды

  • 23.қазан.2020, 12:13,
  • 398

"Құлағынан ұста". Қарағандыда бірінші сынып оқушысына әкесі қарсыласын ұруға көмектескен. 

Әлеуметтік желілерде балалардың төбелескен видеосы тарады.

Кадрларда екі бала ойын алаңының көгалында төбелесіп жатыр.

"Бас киіміңді шеш, құлағын ұста. Ұр, ұр. Денис, ары тұр. Сергей, саған не айтып тұрмын, құлағын ұста. Баспен ұр, қолынан ал, сен оны неге ұстап тұрсың?", - деп айғайлайды бір ер адам.

Осы кезде астындағы бала дем ала алмайтынын айтып жылай бастайды.

Кейін ер адам төбелесіп жатқан балаларға жақындап, қарсыласты қалай ұру керегін түсіндіреді.

"Міне, құлақты осылай ұстайсың да жыртасың. Не тұрсың, ұрмайсың ба?", - дейді ер адам.

Бір сәтте ер адам біреуіне қарсыласының үстіне шығуға көмектеседі.

Қарағанды қалалық білім бөлімінің өкілдері бұл оқиға Пришахтинскідегі 1-сынып оқушылары арасында болғанын хабарлады.

"Балалардың бірінің әкесінің әрекетін дұрыс емес деп санаймыз. Аталған факт Киров полиция бөлімінде тіркелді, ол бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Жағдай Октябрь ауданы прокуратурасының бақылауында", - деді ведомстводағылар.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 21 қазанда болғанын хабарлады.

"Киров полиция бөлімінде Қарағандының 39 жастағы тұрғыны Зелинский көшесіндегі балалар алаңында 7 жастағы баланы жарақаттады деген дерек тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша шешім қабылданады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп түсіндірді полиция өкілдері.



#бала #ұрды #соқты #әкесі #қарағанды 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930