USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Павлодарда ер адамның оқушыны ұрып жатқандағы сәт видеоға түсіп қалды

  • 25.ақпан.2021, 10:38,
  • 303

Павлодарда ер адам жұрттың көзінше оқушы қызды ұрып-соқты. 

Павлодарда ер адам 13 жастағы оқушы қызға шабуыл жасады. Ол баланы жерге құлатып, екі рет тепкен. Оқиға қаланың орталық көшелерінің бірінде куәгерлердің көзінше болған. Ер адамның балаға шабуыл жасаған сәті жақын жердегі дүкендердің бірінде орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Видео кадрларынан ер адам қызды қуып жетіп, жерге құлатқанын, кейін тепкенін көруге болады. Оқиғаны көрген адамдар дереу полиция шақырған.

"Факт тіркелді. Оқиғаға қатысқанның бәрі № 10 жергілікті полиция бөліміне жеткізілді. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған баланың ата-анасы да шақырылды. Ер адам мен 13 жасар қыздың арасында жанжал болғаны анықталды. Нәтижесінде ер адам оған қол көтерген", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.

Полиция қызға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалғанын, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім шығатынын хабарлады.

Оқушының ата-анасы өтініш жазып, кінәліні жауапқа тартуды талап етті.

"Қызымның туған күні болатын. Ол құрбысымен бірге дүкенге азық-түлік сатып алуға кеткен. Дүкенде алған затының ақшасын төлеу үшін кезекке тұрған. Олардың артына ер адам келеді. Қыздар өзара сөйлесіп тұрғанда ер адам әңгімелеріне араласып, дөрекі қылық танытқан. Қыз қорыққанынан көшеге жүгіріп шығыпты", - деді жарақат алған мектеп оқушысының анасы Валентина Горобец.

Әйелдің айтуынша, соққыдан қыздың аяғы мен қабырғас көгеріп, ісіп кеткен. 

"Полиция бөлімінде ол әйелімен болды. Ол қызыма екі мың теңге беріп кешірім сұрамақ болыпты. Ер адам өзі қызымды басқа қызбен шатастырғанын айтты. Баламызды көшеде ұрып-соғуы мүмкін екені өте қорқынышты. Біз бұл адамды жазалауды талап етеміз", - деді зардап шеккен оқушы қыздың анасы.

Сондай-ақ, әйел бейтаныс адамның қызына қалай шабуыл жасағанын көре тұра тоқтатуға тырыспаған адамдар бейжай қалғанына ашуланды.

"Бәріміздің жұмысымыз бар, қашан да бір жерге асығып жүреміз. Бірақ көшеде кішкентай қызды ұрып жатақанын көре тұра оған араша түспеу дұрыс емес", - деді қыздың анасы.


#оқушы #шабуыл #павлодар #зорлық #зомбылық 



скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930