USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қаржы пирамидасы қазақстандықтардың 70 миллион теңгесін алып қойған

  • 03.наурыз.2021, 15:50,
  • 236

Қазақстандықтар қаржы пирамидасына 70 миллионға алданып қалды. Ақмолалық полицейлер Интернет көмегімен ақша пирамидасын ұйымдастырған алаяқ әйелді ұстады, - деп хабарлайды halqym.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Көкшетау қаласының полициясына 65 жастағы жергілікті тұрғын арыз жазған. Оның айтуынша, бейтаныс әйел интернет-ресурстардың көмегімен алдау арқылы 63 мың теңгесін қолды қылған. Тәртіп сақшылары ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша соталды тергеу жүргізді.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 48 жастағы көкшетаулық әйел 2020 жылы WhatsApp-та ақша пирамидасын ұйымдастыру үшін топ ашқаны анықталды. Онда Ақтау, Жаңаөзен, Нұр-Сұлтан, Павлодар және басқа қалалардан 20-ға жуық адам болған. Оларға келтірілген залалдың жалпы сомасы 70 миллион теңгеден асады. Әйел өз кінәсін мойындады", - деді полиция өкілдері.



#полиция #қаржыпирамидасы #ақша #алаяқ #тергеу #қылмыс 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930