USD 518.57
EUR 566.59
RUB 6.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда студенттерді шетелге жіберемін деген әйел ата-аналарды алдап кетті

  • 19.қыркүйек.2020, 16:46,
  • 890

Алматыда студенттерді шетелге жіберемін деп ата-аналарды алдаған әйел ұсталды.

Алмалы аудандық Полиция басқармасының тергеу бөлімі алаяқтық бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмысты жеке оқу орталықтарының бірінің басшысы жасаған.

"1980 жылы туған күдіктінің алаяқтықпен айналысқанына бір жылдан асқаны анықталды. Студенттерді шетелге жіберу үшін оқу орталығын ашып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы ол шетелде оқығысы келетін талапкерлердің ата-аналарының қаражатын иемденді. Әйел ғаламторға шетелдік білім беру мекемелерінде оқытуды ұйымдастырудағы қызметтер туралы жарнамалар орналастырған. Алаяқтық тізбегі келесідей болып шықты: жаңа қатысушылардың ата-аналарына шетелдік жоғары оқу орындарына түскені туралы мүлдем жоқ құжаттар берілді. Кейіннен клиенттер сертификаттың шын екендігіне күмәнданбай, күдіктінің есепшотына шұғыл түрде көп ақша аударады (оқу ақысы). Әрбір қылмыстық әрекеттен келтірілген материалдық шығын екі миллион теңге және одан жоғары. Қазіргі уақытта біздің бөлімге жеті адам жүгінді", - деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Қазіргі уақытта әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сот тергеуі жүргізіліп жатыр.




#алаяқ #әйел #шетел #студент #қылмыс 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.08.2020
11.08.2020
06.07.2020
29.05.2020
27.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930